Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің қарамағындағы жерлеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Арынов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "14" маусымдағы № 163 қаулысына қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Алаңы, га | Ұзындығы, м | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы филиалы - телекоммуникация және инфрақұрылым объектілерінің құрылысы жөніндегі Дирекциясы | 6,65 | 16 625 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және пайдалану үшін | 2 | Ақтоғай ауданы |