Ақтоғай ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 245/50 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 шілдеде № 6460 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Дисенова
      Мәслихат хатшысы Ж. Ташенев

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2019
жылғы 27 маусымдағы
№ 245/50 шешімімен
бекітілді

Ақтоғай ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Ақтоғай ауданы бойынша 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі осы жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 173 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы"№ 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың жойылу процестерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

      4. Жоспардың мазмұны:

      1) осы жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ақтоғай ауданы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

      2) осы жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

      3) осы жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

      4) осы жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

      5) осы жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

      6) осы жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

      7) осы жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.

      5. Аудан аумағындағы топырақ шабындықты сары, қоңыр сары, шабындықты және сор, сортаң болып келеді.

      Ақтоғай ауданының өсімдік жабындысының ерекшелігі шымды астық тұқымдас (селеу, сұлы, бетеге) болып табылады.

      Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты жазық қыр және құрғақ қыр жайылымдарына жатады.Түрі бойынша - селеулі-бетегелі-әртүрлі шөпті және селеулі-бетегелі-жусанды.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 4,8 центнер/га. Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 200-210 күн жайылым кезеңінде пайдаланылады.

      6. Ақтоғай ауданы Павлодар облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және солтүстікте Ертіс ауданымен, оңтүстікте Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі, шығыста Тереңкөл және Павлодар аудандарымен Ертіс өзеннің ағынымен шектеседі. Аудан орталығы - Ақтоғай ауылы. Аумақтық-әкімшілік бөлінісі 7 ауылдық округте орналасқан 31 елді мекендерден тұрады.

      Ауданның климаты шұғыл континенттік, қысы - суық, жазы - ыстық. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша минус 17 – минус 18 градус, шілдеде Цельсий бойынша плюс 20 –плюс 21 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 250-300 миллиметр.

      7. Аудан жерлерінің жер көлемі 977 801 гектар (бұдан әрі - га), соның ішінде жайылымдар – 628 492 га.

      Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 376 254 га;

      елдi мекендердiң жерлерi – 169 998 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 2 525 га;

      орман қорының жерлері – 3 614 га;

      су қорының жерлерi – 1 211 га;

      босалқы жерлер – 424 198 га.

      Ақтоғай ауданында жер балансының мәліметтері бойынша 376,3 мың га жалпы көлемде барлығы 339 ауылшаруашылық құрылымдар есептеледі, соның ішінде жайылымдар 222,4 мың га,оның ішінде:

      - 288,8 мың га көлемде 234 шаруа және фермер қожалығы, оның ішінде жайылымдар 198,7 мың га;

      - 74,6 мың га көлемде 14 шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және ауылшаруашылық кооператив,оның ішінде жайылымдар 15,8 мың га;

      - 11,6 мың га көлемде 90 жеке кәсіпкер, оның ішінде жайылымдар 7,9 мың га;

      - 1,3 мың га көлемде 1 мемлекеттік ауыл шаруашылық заңды тұлғалар.

      8. Аудан аумағында негізгі жайылым пайдаланушылары ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Аудан тұрғындарының мал басы елді мекендерге тиесілі жерлерде бағылады.

      9. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны 37260 бас ірі қара мал, 47362 бас ұсақ мал, 12122 бас жылқы бар.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген: ірі қара мал 152 үйір, ұсақ мал 52 отар, жылқылар 38 табын.

      10. Аудан аумағында ветеринариялық-санитарлық 41 объектілері қызмет істейді, соның ішінде 28 мал көмінділері, 11 мал дәрігерлік пункттер, қолдан ұрықтандыруға арналған 2 пункт.

      11. Ақтоғай ауданында малды айдап өтуге арналған сервитуттар белгіленбеген.

  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттарды, жер учаскелерінің
меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ақтоғай ауданы
аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Ақтоғай ауданы аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
3-қосымша

Ақтоғай ауданы жайылымдардың, оның ішінде маусымдық
жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары,
жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Ақтоғай ауданы аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына
сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе
суландыру каналдарына, кұбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Ақтоғай ауданы аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) занды тұлғалардың
ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды
қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Ақтоғай ауданы аумағында ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен
қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы
жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы


  Ақтоғай ауданы бойынша
2019 - 2020 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық
маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график

Р/с №

Ауылдық округінің атауы

Жайылымдарға малдардың айдап шығару мерзімі

Жайылымдардан малдардың қайтару мерзімі

1

Ақтоғай ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

2

Мүткенов ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

3

Қожамжар ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

4

Қараоба ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

5

Ақжол ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

6

Жолболды ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі

7

Жалаулы ауылдық округі

Мамырдың бірінші онкүндігі

Қыркүйектің екінші онкүндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Актогайскому району на 2019 - 2020 годы

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 27 июня 2019 года № 245/50. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 4 июля 2019 года № 6460

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8, статьей 13 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах" Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по Актогайскому району на 2019 - 2020 годы.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам бюджетной политики и экономического развития региона.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Л. Дисенова
      Секретарь маслихата Ж. Ташенев

  Утвержден
решением Актогайского
районного маслихата
от 27 июня 2019 года № 245/50

План по управлению пастбищами и их использованию
по Актогайскому району на 2019 - 2020 годы

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Актогайскому району на 2019 - 2020 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      2. План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      4. План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории Актогайского района в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории Актогайского района, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту Актогайского района с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам) составленную согласно норме потребления воды на территории Актогайского района, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища на территории Актогайского района, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при сельском округе на территории Актогайского района, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      5. На территории района темно-каштановая, лугово-каштановая, луговая и болотная почва.

      Особенностью растительного покрова Актогайского района является дерновинные злаки (ковыль, овсяница бороздчатая, типчак).

      Пастбища в связи с природно-климатической особенностью района относятся к равнинным степным и сухостепным пастбищам. По типу относятся к ковыльно-типчаково-разнотравным и ковыльно-типчаково-полынным.

      Средняя урожайность пастбищных угодий составляет 4,8 центнер/га. Фонд кормов пастбищ используется в пастбищный период продолжительностью 200 - 210 дней.

      6. Актогайский район расположен в северно-западной части Павлодарской области и граничит: на севере с Иртышским районом, на юге с сельскими зонами городов Аксу и Экибастуз, на западе с Акмолинской и Северо-Казахстанской областями, на востоке с районом Тереңкөл и Павлодарским районом по течению реки Иртыш. Районный центр – село Актогай. Административно-территориальное деление состоит из 31 сельских населенных пунктов, расположенных в 7 сельских округах.

      Климат района резко континентальный, зима холодная, лето жаркое. В январе среднегодовая температура воздуха минус 17 – минус 19 градусов по Цельсию, в июле плюс 20 –плюс 21 градусов по Цельсию. Среднегодовой размер осадков - 250 - 300 миллиметров.

      7. Общая площадь земель района 977 801 гектаров (далее - га), из них пастбищные земли – 628 492 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения – 376 254 га;

      земли населенных пунктов – 169 998 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного не сельскохозяйственного назначения – 2 525 га;

      земли лесного фонда – 3 614 га

      земли водного фонда – 1 211 га;

      земли запаса – 424 198 га.

      В Актогайском районе всего по данным земельного баланса числится 339 сельскохозяйственных формирований на общей площади 376,3 тыс.га, в том числе пастбищ 222,4 тыс. га, из них:

      - крестьянских и фермерских хозяйств 234 на площади 288,8 тыс. га, в том числе пастбищ 198,7 тыс.га;

      - хозяйственных товариществ, акционерных обществ и сельхоз кооперативов 14 на площади 74,6 тыс.га, в том числе пастбищ 15,8 тыс.га;

      - индивидуальных предпринимателей 90 на площади 11,6 тыс.га, в том числе пастбищ 7,9 тыс.га;

      - государственных сельскохозяйственных юридических лиц 1 на площади 1,3 тыс.га.

      8. Основными пользователями пастбищ на территории района являются сельскохозяйственные формирования. Скот населения в населенных пунктах пасется на отведенных землях.

      9. Количество поголовья сельскохозяйственных животных на территории района составляет: 37260 голов крупного рогатого скота, 47362 голов мелкого рогатого скота, 12122 голов лошадей.

      Сформированные стада, отары, табуны сельскохозяйственных животных по видам распределились следующим образом: 152 стада крупного рогатого скота, 52 отары мелкого рогатого скота, 38 табунов лошадей.

      10. В районе действуют 41 ветеринарно-санитарных объектов, из них 28 скотомогильников, 11 ветеринарных пунктов, 2 пункта для искусственного осеменения.

      11. В Актогайском районе сервитуты для прогона скота не установлены.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории Актогайского района
в разрезе категорий земель, собственников земельных участков
и землепользователей на основании правоустанавливающих документов


  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов на территории Актогайского района


  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Карта Актогайского района с обозначением внешних и внутренних границ и площадей
пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры


  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам
(озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным
каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно
норме потребления воды на территории Актогайского района


  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных
животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и
перемещения его на предоставляемые пастбища на территории Актогайского района


  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных
пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами,
расположенными при сельском округе на территории Актогайского района


  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию по
Актогайскому району
на 2019-2020 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные
маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

№ п/п

Наименование сельского округа

Период отгона животных на пастбища

Период отгона животных с пастбищ

1

Актогайский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября

2

Муткеновский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября

3

Кожамжарский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября

4

Караобинский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября

5

сельский округ Ақжол

Первая декада мая

Вторая декада сентября

6

Жолболдинский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября

7

Жалаулинский сельский округ

Первая декада мая

Вторая декада сентября