Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйырығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Железин ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Кашкиров |
Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "2" қазандағы № 302/9 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған Железин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының квотасы
Р/с | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Белгіленген квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындар саны (адам) |
1 | "Сапро-НАТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 73 | 3% | 2 |