Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Голубовка ауылы әкімінің 03.12.2019 № 1-19-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, 2019 жылғы 14 тамыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының №1 ұсынысы негізінде, Голубовка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Голубовка ауылының аймағында ірі қара мал арасында инфекциалық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Ж. Каламов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ертіс аудандық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Е. Каримжанов |
2019 жылғы "2" қазан |