Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Северный ауылдық округінің Северный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Северный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің Северный ауылында "Советов" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Северный ауылдық округінің әкімі | Ф. Қожахан |