Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2-тармағына, Шарбақты ауылдық округі Жабағлы ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданының Шарбақты ауылдық округі Жабағлы ауылындағы "Лесная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Т. Қасенов |