Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 14.10.2022 № 2/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 2/59 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5019 болып тіркелген, 2016 жылғы 02 сәуірде "Шамшырақ" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі "Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 2/59 "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 2/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5200 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаты аппаратының басшысына және Май аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Б. Ботабай |
Мәслихат хатшысы | Ғ. Т. Арынов |