Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Май ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 143/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 6366 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Май ауданының ұйымдарында 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ақтаев

  Май ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "16" мамырдағы
№ 143/5 қаулысына
қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды Май ауданының ұйымдарында
жұмысқа орналастыру үшін 2019 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін квотаның көлемі (%)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

Май ауданы әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2

1

2

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Май аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

199

1

2


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Майского района на 2019 год

Постановление акимата Майского района Павлодарской области от 16 мая 2019 года № 143/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 17 мая 2019 года № 6366

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, пунктом 7 статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", акимат Майского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, в организациях Майского района независимо от организационно-правовой формы и формы собственности на 2019 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Актаев

  Приложение
к постановлению акимата
Майского района
от "16" мая 2019 года № 143/5

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц состоящих на учете
службы пробации в организациях Майского района на 2019 год

№ п/п

Наименование организации

Списочная численность работников на начало года (человек)

Размер квоты для лиц, состоящих на учете службы пробации (%)

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации (человек)

1

Государственное коммунальное предприятие "Май-сервис" отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Майского района, акимата Майского района

73

2

1

2

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Майская районная больница"

199

1

2