2020 жылға арналған Павлодар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 307/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 6574 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18- бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27- бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Павлодар ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Шугаев

  Павлодар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "2" қазан
№ 307/10 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Павлодар ауданы бойынша пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның мөлшері (жұмыскелердің тізімдік санынан), %

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарының саны, адам

1

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

335

1

3

2

"Ертіс" шаруа қожалығы

110

1

1

3

"Зерноград" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

135

1

1

4

"Крестьянское хозяйство "Жана- Кала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

38

1

1

5

"Маяк" шаруа қожалығы

124

1

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Павлодарскому району на 2020 год

Постановление акимата Павлодарского района Павлодарской области от 2 октября 2019 года № 307/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 14 октября 2019 года № 6574

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", акимат Павлодарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в организациях Павлодарского района, независимо от организационно-правовой формы и формы собственности согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Аким Ж. Шугаев

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарского района
от "2" октября 2019 года
№ 307/10

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц,
состоящих на учете службы пробации
по Павлодарскому району на 2020 год

№ п/п

Наименование предприятия

Списочная численность работников, человек

Размер квоты (от списочной численности работников), %

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации, человек

1

Коммунальное государственное учреждение "Областной психоневрологический центр оказания специальных социальных услуг" управления координации занятости и социальных программ Павлодарской области

335

1

3

2

Крестьянское хозяйство "Ертiс"

110

1

1

3

Товарищество с ограниченной ответственностью "Зерноград"

135

1

1

4

Товарищество с ограниченной ответственностью "Крестьянское хозяйство "ЖАНА КАЛА"

38

1

1

5

Крестьянское хозяйство "Маяк"

124

1

1