Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы әкімдігінің қарамағындағы жерлерінде қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Успен ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Қ. Абушахманов |
Успен ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "14" маусымдағы № 175/6 қаулысына қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Алаңы, гектар | Үзындығы, метрмен | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы-Телекомуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы | 7,21 | 18025 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін | 2 | Успен ауылдық округі |
2 | "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы-Телекомуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы | 3,91 | 9775 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін | 2 | Қоңырөзек ауылдық округі |
3 | "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының филиалы-Телекомуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясы | 12,91 | 32275 | Талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату және пайдалану үшін | 2 | Новопокров ауылдық округі |