"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 418 (2019 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5321 болып тіркелді) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулының "Казақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жариялағанан кейін оны Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдесі № 1013 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мақсаты бойынша топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | |||
Балабақша | Бөбекжай-бақшалар | |||
мемлекеттік | жеке | мемлекеттік | жеке | |
Жалпы мақсаттағы топтар | - | 320 | 5124 | 1116 |
Санаторлық топтар | - | - | - | 170 |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар | - | - | 149 | 15 |
Бір айға арналған бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа кұны (теңге) | ||||
Жалпы мақсаттағы топтар | - | 27407 | 27407 | 27407 |
Санаторлық топтар | - | - | - | 36201 |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар | - | - | 40862 | 40862 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бір тәрбиеленуші үшін төленетін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||||
| - | 3 жастан 6 (7) жасқа дейін - 10435 |
3 жасқа дейін - 10435, |
3 жасқа дейін - 10435, |
Санаторлық топтар | - | - | - | - |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар | - | - | - | - |
кестенің жалғасы