"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің "Петропавл қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 01 (2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5190 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында:
барлық мәтін бойынша "Мир көшесі" сөздері "Нұрсұлтан Назарбаев көшесі" сөздеріне ауыстырылсын;
№ 576 сайлау учаскесінде:
бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Орталығы – "С.М. Киров атындағы зауыт" акционерлік қоғамы", Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 69 (келісім бойынша)";
№ 585 сайлау учаскесінде:
бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Орталығы – "Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 7 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 89", телефон 46-68-52";
№ 591 сайлау учаскесінде:
бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Орталығы – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Парковая көшесі, 57 Б (келісім бойынша)";
№ 661 сайлау учаскесінде:
бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Орталығы – "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәлел Қизатов атындағы көшесі, 5, телефон 47-10-31 (келісім бойынша)".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Жумабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Петропавл қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
_______________Е.В. Мамыкин
"___"_________2019 жыл