Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1, 111 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2019-2021 жылдарға арналған Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 6-26-8 шешіміне (2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5128 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 31 414,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 10 200,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 21 214,0 мың теңге;
2) шығындар – 32 999,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 585,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 585,9 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 585,9 мың теңге.";
6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін.
Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді бөлу ауылдық округ әкімінің 2019-2021 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджеті туралы Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен белгіленеді.";
6-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6-1. 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері ескерілсін, оның ішінде:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге.
Республикалық бюджеттен көрсетілген нысаналы трансферттерді бөлу ауылдық округ әкімінің 2019-2021 жылдарға арналған Арықбалық ауылдық округінің бюджеті туралы Айыртау аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы шешімімен белгіленеді.";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты XXXVІ сессиясының төрағасы |
С.Пономарев |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанахметов |
Айыртау аудандық мәслихатының 2019 жылғы _____________№ ______шешіміне қосымша | |
Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 6-26-8 шешіміне 1-қосымша |
2019 жылға арналған Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Атауы | Сома, мың теңге | ||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
1) Кірістер | 31 414,0 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 10 200,0 | ||
01 | Табыс салығы | 2 800,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 2 800,0 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 7 400,0 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 100,0 | ||
3 | Жер салығы | 500,0 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 6 800,0 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 0 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 21 214,0 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 21 214,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 21 214,0 |
Кестенің жалғасы
Функционалдық топ | Атауы | Сома, мың теңге | ||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
2) Шығындар | 32 999,9 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 25 237,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 25 237,0 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 22 132,0 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 3 105,0 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 5 262,9 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 5 262,9 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 1 189,0 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 773,0 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 2 800,9 | ||
014 | Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру | 500,0 | ||
13 | Басқалар | 2 500,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 2 500,0 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 2 500,0 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | -1 585,9 | |||
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 1 585,9 | |||
Қарыздар түсімі | 0 | |||
Қарыздарды өтеу | 0 | |||
Санаты | Атауы | Сома, мың теңге | ||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 1 585,9 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 1 585,9 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 1 585,9 |