Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 296 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 5781 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 55 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабы 6) - тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31- бабы 1) - тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабы 7- тармағына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 62 қаулысы (2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрінде эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 296 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2 %

1


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 30 декабря 2019 года № 296. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 января 2020 года № 5781. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 4 февраля 2021 года № 55

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 04.02.2021 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", пунктом 7 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Правилами квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14010) акимат Есильского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов" от 19 марта 2019 года № 62 (опубликовано 28 марта 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5259).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официально опубликования.

      аким Есильского района А. Абдуллаев

  Приложение к постановлению акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 30 декабря 2019 года № 296

Квота рабочих мест для трудоустройства инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда

Наименование организации

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты (человек)

Коммунальное государственное учреждение "Отдел образования акимата Есильского района Северо-Казахстанской области"

53

2 %

1