"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2 -тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 4 маусымдағы № 10-11/67 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің Жарқайың ауылында орналасқан "Данияр Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Алматы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 6 (2018 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5102 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Л.Ботина |