Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Заңының 31 – бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 - бабы 2 – тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай - ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысына (2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4456 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарастырады.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Жамбыл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жамбыл ауданының ПБ) енгізеді.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, белгілейді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Жамбыл ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Жамбыл ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
7. Көтермелеулерді төлеуге қаражат облыстық бюджетте, "Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің 252 003 "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға Жамбыл ауданы әкімінің құрмет грамотасын, Жамбыл ауданы әкімінің алғыс хатын, ақшалай сыйақыны, бағалы сыйлықты беруді Жамбыл ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.