Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109-1-баптарына және 111-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 30/1 шешіміне (2019 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 78 057 мың теңге:
салықтық түсімдер – 33 078 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 44 979 мың теңге;
2) шығындар – 80 302,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 245,9 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 245,9 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 2 245,9 теңге.";
5-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"5-1. 2018 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) аудандық бюджеттің нысаналы трансферттерін қайтаруға Преснов ауылдық округі бюджетінде шығыстар осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес қарастырылсын;";
5-2-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"5-2. 2019 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін, оның ішінде:
1) ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 4 344 мың теңге;
2) әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 1 575 мың теңге;
5-3-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"5-3. 2019 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде аудандық бюджеттен нысаналы трансферттер ескерілсін, оның ішінде:
1) мемлекеттік органның күрделі шығыстарына – 3 375мың теңге;
2) төбенің шатырын жөндеу үшін құрылыс материалын сатып алуға – 500 мың теңге;
3) қоқыс тастайтын жерлерді рәсімдеуге – 2 993 мың теңге;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 қаулысымен бекітілген "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде кентішілік жолдарды ағымдағы және орташа жөндеуге – 5 502 мың теңге;
5) аумақтарды абаттандыруға – 1 000 мың теңге;
6) ауылдық клуб ғимаратын ағымдағы жөндеу үшін құрылыс, шаруашылық материалын сатып алуға – 2 000 мың теңге."
көрсетілген шешімдегі 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шемімнің 2-қосымшасына сәйкес шешім 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
В. Волков |
Жамбыл ауданы мәслихаты хатшысының уақытша міндеттерін атқарушы |
Р. Садыков |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 5 желтоқсаны № 41/3 шешіміне 1 қосымша | |
2018 жылғы 28 желтоқсандағы Жамбыл ауданы мәслихатының № 30/1 шешіміне 1 қосымша |
2019 жылға арналған Преснов ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кішкі сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1) Кірістер | 78 057 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 33 078 | ||
01 | Табыс салығы | 20 000 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 20 000 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 13 078 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 300 | ||
3 | Жер салығы | 558 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 12 220 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 44 979 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 44 979 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трасферттер | 44 979 | ||
Функцио-налдық топ | Бюджеттік бағдарла-малардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | А | В |
2) Шығындар | 80 302,9 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 29 770 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 29 770 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 26 017 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 3 753 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 22 698 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 22 698 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 17 230 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамассыз ету | 3 496 | ||
010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 172 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 1 800 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 7 807 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 7 807 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 7 807 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 5 830 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 5 830 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 5 830 | ||
13 | Басқалар | 11 952 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты | 11 952 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 11 952 | ||
15 | Трансферттер | 2 245,9 | ||
124 | Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 2 245,9 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 2 245,9 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | ||
Функцио-налдық топ | Бюджеттік бағдарла-малардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
6 | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
01 | Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
1 | Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | -2 245,9 | |||
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 2 245,9 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 0 | ||
01 | Мемлекеттік ішкі қарыздар | 0 | ||
2 | Қарыз алу келісім-шарттары | 0 | ||
Функцио-налдық топ | Бюджеттік бағдарла-малардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
16 | Қарыздарды өтеу | 0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0 | ||
056 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу | 0 | ||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 2 245,9 | ||
1 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 2 245,9 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 2 245,9 |