Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 25-12 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" (2019 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5136 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 16 994,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 7 520 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 9 474,0 мың теңге;
2) шығындар – 19 021,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-2 027,9) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 027,9 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 027,9 мың теңге.";
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қарақоға ауылдық округінің 2019 жылға арналған бюджетінде аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін:
1) ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Т. Әбілмәжінов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Әбілмәжінов |
Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің 2019 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы мың теңге |
І. Кірістер | 16 994,0 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 7 520,0 | ||
01 | Табыс салығы | 3 590,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 3 590,0 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 3 930,0 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 60,0 | ||
3 | Жер салығы | 300,0 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 3570,0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 9 474,0 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 9 474,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 9 474,0 | ||
Атауы | Сомасы мың теңге | |||
Функционалдық топ | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
II. Шығындар | 19 021,9 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 14 762,9 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 14 762,9 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 14 562,9 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 200,0 | ||
04 | Білім беру | 3 100,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 100,0 | ||
005 | Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру | 3 100,0 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 240,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 240,0 | ||
010 | Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу | 240,0 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 919,0 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 919,0 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау | 919,0 | ||
ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу | 0,0 | |||
ІV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0,0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0,0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | -2 027,9 | |||
VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 2 027,9 | |||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 2 027,9 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 2 027,9 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 2 027,9 |