Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 83 қаулысының (2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеу күнінен он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды.
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан соң Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Аңбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 31 шілдедегі | |
№ 145 қаулысына | |
косымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 10.12.2021 № 301 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 05.10.2022 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) халақты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
2) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.