Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 03.02.2022 № 137 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 03.02.2022 № 137 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.