Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 28.10.2021 № 273 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 28.10.2021 № 273 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 25 шілдедегі № 165 (2016 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3887 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Әкім | Н. Кенесов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тимирязев аудан әкімдігінің | |
2019 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 165 қаулысына | |
қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 28.10.2021 № 273 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 09.06.2023 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2023 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның кітапхана меңгерушісі;
4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) библиограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) режиссер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8) редактор (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
9) аккомпаниатр - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11) хореограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
12) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.