Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 23.05.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылы және Қаратал ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 30 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | М. Оспанов |