Пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 51 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 5322 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы əкімдігінің 27.05.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Есімов

  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігі қаулысына қосымша 20____ жылғы __________ № ____

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Сәңді-Райымбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

11

6%

1

"Panem Hleb" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

30

2%

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 1 апреля 2019 года № 51. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 8 апреля 2019 года № 5322. Утратило силу постановлением акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 27 мая 2020 года № 127

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 27.05.2020 № 127 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №13898), акимат района Шал акына Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на государственном и русском языках в Северо-Казахстанский областной филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата района Шал акына после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района Шал акына Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Н.Есимов

  Приложение к постановлению акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области № ____от __________20___ года

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименование организации

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты (чел)

Товарищество с ограниченной ответственностью "Сәнді-Райымбек"

11

6%

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Panem Hleb"

30

2%

1