"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Атырау қаласы Самал шағын ауданындағы № 12 көшеге Адгам Каримовтің есімі берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Шапкеновке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | А. Талтенов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |