Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 29.09.2021 № 76-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2019-2023 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 2019-2023 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын дайындап және бекіту ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Юсупов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы "19" сәуірдегі № 309-VI шешіміне қосымша |
2019-2023 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері
№ | Зерттеу нысаны | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Нор-матив | Бас-тапқы мәліметер 2018 ж | 3 жыл дан кейін 2021 ж | 5 жыл дан кейін 2023 ж |
1 Атмосфералық ауа | |||||||
1 | Облыс бойынша | Атырау облысы бойынша ластаушы заттардың жалпы шығарындылары (нормативтік) | Мың. тонна | 500 | 450 | 400 | |
2 | Қала бойынша | Атмосфералық ластану индексі 5, Атырау қаласы бойынша орташа көрсеткіші | Бірлік | ≤4 | ≤4 | ≤4 | ≤4 |
3 | Қала бойынша | Атырау қаласы бойынша күкіртсутектің (H2S) концентрациясы | Жылдық е.ж ШРК/ ЭЖЛ және ЖЛ күндер саны | 0,008/- | 0,74/95 | <0,08/30 | <0,041/5 |
4 | Қала бойынша | Атырау қаласы бойынша озонның орташа концентрациясы | C/ШРК | ≤1 | 1,4 | ≤1 | ≤1 |
5 | Қала бойынша | Атырау қаласы бойынша салмақталған бөлшектердің ең жоғарғы концентрациясы | C/ ШРК е.ж | ≤1 | 4,0 | ≤1,5 | ≤1,2 |
6 | 1 нүкте новостройка (N47.1343 E51.9807) | Азот оксидінің Атырау қаласындағы концентрациясы | C/ШРК о.т | ≤1 | 1,7 | ≤1 | ≤1 |
7 |
13 нүкте жылу каналы | Азот диоксидінің Атырау қаласындағы концентрациясы | C/ШРК о.т | ≤1 | 2,7 | ≤1 | ≤1 |
8 | 5 нүкте колледж (N47.0822 E51.9005) |
Күкіртсутектің | C/ ШРК е.ж | ≤1 | 2,03 | ≤1 | ≤1 |
9 | Қала бойынша | Атмосфералық ластану индексі 5, Құлсары қаласы бойынша орташа көрсеткіші | Бірлік | ≤4 | 4 | 4 | 4 |
10 | Қала бойынша | Құлсары қаласы бойынша озонның орташа концентрациясы | C/ШРК | ≤1 | 2.2 | ≤1 | ≤1 |
11 | Қала бойынша | Құлсары қаласы бойынша күкіртсутектің (H2S) концентрациясы | C/ ШРК е.ж | ≤1 | 3,5 | ≤1 | ≤1 |
2 Су ресурстарының жағдайы | |||||||
12 | Жайық өзені | Жайык өзені СЛКИ | СЛКИ бірлік | ≤1 | 1,1 | ≤1,0 | ≤1,0 |
13 | Ембі өзені | Ембі өзені СЛКИ | СЛКИ бірлік | ≤1 | 1,7 | ≤1,0 | ≤1,0 |
3 Коммуналдық қалдықтар | |||||||
14 | Облыс бойынша | Облыс халқын ҚТҚ тасымалдау бойынша қызметтермен қамту | % | 100 | 98,9 | 100 | 100 |
15 | Облыс бойынша | Экологиялық және санитариялық ережелер талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан) | % | 100 | 19 | 21 | 23 |
16 | Облыс бойынша | Тұрмыстық қатты қалдықтарды олардың пайда болуына қарай сұрыптаудың үлесі | % | 100 | 18,3 | 26 | 70 |
4 Шөлдену | |||||||
17 | Исатай ауылы | Құм тоқтату үшін орман екпелерін құру | Гектар | 15,4525 | 9 | ||
18 | Майкөмген ауылы | Гектар | 4,7 | 6 | |||
19 | Тайсойган ауылы | Гектар | 3,2 | ||||
20 | Кобяково-Забурын каналы | Гектар | 7,9 | ||||
21 | Құлсары қаласы | Құлсары қаласының айналасында жасыл аймақ пен орман-парк қорғау белдеуін құру | Гектар | 1500 | |||
5 Радиациялық жағдай | |||||||
22 | Азғыр полигоны | Бұрынғы Азғыр сынақ полигонының аумағында технологиялық алаңдарды қоршаулар орнату | % | 30 | 70 |
Қысқартулар:
C/ ШРК е.ж – концентрация / шекті рұқсат етілген концентрациясы ең жоғарғы бір өлшемі
C/ШРК о.т – концентрация / шекті рұқсат етілген концентрациясы орташа тәуліктік
ЖЛ - жоғары ластану
ЭЖЛ – экстрималды жоғары ластану
C/ ШРК – концентрация / шекті рұқсат етілген концентрациясы
СЛКИ - су ластануының комплексті индексі
ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар