"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 "Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2763 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесінде:
1) реттік нөмірі 6-жол осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) реттік нөмірі 8-жол осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
3) реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
4) "Барлығы" деген жолда "973,00" деген цифрлар "837,85" деген цифрлармен, "273,36" деген цифрлар "138,21" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Қарағаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 288 қаулысына 1-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
6 | КЕ-6 | Құрманғазы ауылына кірме жол | 1,15 | 1,15 |
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 288 қаулысына 2-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 249 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
8 | КЕ-8 | Құрманғазы-Приморье-Бірлік-Котяев | 47,04 | 47,04 |