Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 25.11.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 "Атырау қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (әрі қарай - Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4323 болып тіркелген, 2019 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 27-тармағындағы "Атырау қаласы, Жұмыскер ауылы, Баймуханов көшесі, № 141, "Жалпы білім беретін И.Тайманов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деген мәтін "Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, № 16 құрылыс, "Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) 34-тармағындағы "Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, № 61, "Каспий строй экстра" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деген мәтін "Атырау қаласы, Алипов көшесі, № 3а үй, "Тағылым" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;
3) 40-тармағындағы "Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, № 19А, "Ағылшын тілінен терендетіп оқылатын техникалық гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деген мәтін "Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, құрылыс № 29А, "Атырау облысы ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын;
4) 247-тармағындағы "Атырау қаласы, Жұмыскер ықшам ауданы, Ш. Әбішев көшесі, № 97А құрылыс, "Жұмыскер мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараты" деген мәтін "Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі, Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, № 16 құрылыс "Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты" деп жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нсанбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Құттұмұрат-ұлы |