Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 12.04.2024 № 104 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 маусымдағы № 228 "Атырау қаласының ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы" шешіміне (әрі қарай - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4183 болып тіркелген, 2018 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік, құқықтық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. Рахимова).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХХІІ сессия төрайымы | Т. Розметова |
Атырау қаласының Мәслихатының хатшысы |
Р. Джанглишов |