"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 14-11/149 ұсынысы негізінде Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбарыс ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 9 "Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" (Нормативтик құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4347 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейбарыс селолық округі әкімі | М. Сарсенгалиев |