Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 21 мамырдағы № 140 "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 16 мамырдағы № 91 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 21 мамырда № 5060 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 140 "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған және 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" деген қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә. Садырға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      К.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      М.И. Мырзалиев
      М.Н. Отарбаев
      Е.Ә. Садыр
      А.Б. Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "16" мамырдағы
№ 91 қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"21" мамырдағы
№ 140 қаулысына
қосымша

"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі) "Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      2. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне субсидияларды алуға арналған өтінімдерді Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету бойынша негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы тиісті хабарламаға электрондық цифорлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қол қою жолымен өтінімнің қабылданғанын растайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды төлеуге берілетін төлем тапсырмаларын қалыптастырады – 2 (екі) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық поштаның мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы хабарламаны жібереді – 2 (екі) жұмыс күні.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді қабылдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы субсидияларды төлеуге берілетін төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына және "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы тиісті хабарламаны жолдайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы.

      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 5-тармағының 2-бөлімінде көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.

  "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы
өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып
алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы



      Шартты белгілер:



О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 21 мая 2018 года № 140 "Об утверждении регламента государственной услуги Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки"

Постановление акимата Туркестанской области от 16 мая 2019 года № 91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 21 мая 2019 года № 5060. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 30 июня 2020 года № 142

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 30.06.2020 № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктами 1 и 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 21 мая 2018 года № 140 "Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4621, опубликовано 14 июня 2018 года в газете "Южный Казахстан" и в 13 июня 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахтстан в электронном виде) следующее изменение:

      приложение "Регламент государственной услуги "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" к указанному постановлению изложить в новый редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Туркестанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Садыра Е.А.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области У. Шукеев
      Айтмухаметов К.К.
      Тургумбеков А.Е
      Аманбаев Ж.Е.
      Мырзалиев М.И.
      Отарбаев М.Н.
      Садыр Е.А.
      Тасыбаев А.Б.

  Приложение
к постановлению акимата
Туркестанской области
от "16" мая 2019 года
№ 91
  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "21" мая 2018 года
№ 140

Регламент государственной услуги "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" (далее – государственная услуга) оказывается государственным учреждением "Управление сельского хозяйства Туркестанской области" (далее – услугодатель).

      2. Прием заявок и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Форма оказания государственной услуги: электронная (полностью автоматизированная).

      3. Результат оказания государственной услуги – уведомление о перечислении субсидии либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 к Стандарту государственной услуги "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки", утвержденного приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 3-2/378 "Об утверждении стандартов государственных услуг в области животноводства" (далее – Стандарт).

2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала действия по оказанию государственной услуги является предоставление услугополучателем, посредством портала в информационную систему субсидирования, заявки на получение субсидий в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП), по форме, согласно приложению 3 к Стандарту.

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) ответственный исполнитель услугодателя подтверждает принятие заявки, путем подписания с использованием электронного цифравого подписи соответствующего уведомления – 1 (один) рабочий день;

      2) ответственный исполнитель отдела финансирования и бухгалтерского учета услугодателя в соответствии с планом финансирования формирует платежные поручения на выплату субсидий – 2 (два) рабочих дня;

      3) ответственный исполнитель услугодателя направляет уведомление о результатах оказания государственной услуги в форме электронного документа на адрес электронной почты, указанный услугополучателем при регистрации в информационной системе субсидирования, также в "личный кабинет" услугополучателя – 2 (два) рабочих дня.

      6. Результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) ответственный исполнитель услугодателя принимает заявку;

      2) ответственный исполнитель отдела финансирования и бухгалтерского учета услугодателя формирует в информационной системе субсидирования платежные поручения на выплату субсидий;

      3) ответственный исполнитель услугодателя направляет соответствующее уведомление о результатах оказания государственной услуги на электронный адрес и в "личный кабинет" услугополучателя.

3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:

      1) ответственный исполнитель услугодателя;

      2) ответственный исполнитель отдела финансирования и бухгалтерского учета услугодателя.

      8. Описание последовательности процедур (действий) между структурными подразделениями (работниками) с указанием длительности каждой процедуры (действия) указано в пункте 5 раздела 2 настоящего регламента.

4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      9. Государственная услуга через Государственной корпорацией "Правительство для граждан" не оказывается.

      10. Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги указан в приложении к настоящему регламенту.

  Приложение
к регламенту государственной услуги
"Субсидирование затрат перерабатывающих
предприятий на закуп сельскохозяйственной
продукции для производства продуктов ее
глубокой переработки"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки"



      Условные обозначения: