"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабы 2-тармағына,, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Түркістан облысы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 4 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5099 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 және 5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2019 жылдың 24 маусымынан бастап Түркістан облысының Арыс қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.";
"5. Осы шешім 2019 жылдың 24 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы шешімді оны ресми жарияланғанннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2019 жылдың 24 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ө. Шөкеев |