Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 151 "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 234 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 17 қазанда № 5220 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 30 маусымдағы № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 30.06.2020 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 151 "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3767 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетіне жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" деген қосымшасында:

      "Жалпы ережелер" деген тарауда:

      1-тармақтағы "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" деген сөздер "Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө.Шөкеев
      Қ.Қ.Айтмұхаметов
      М.Н.Отарбаев
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Е.Ә.Садыр
      Ж.Е.Аманбаев
      А.А.Абдуллаев
      М.И.Мырзалиев
      А.Б.Тасыбаев

О внесении изменения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 2 июня 2016 года № 151 "Об утверждении регламента государственной услуги Выдача лицензии на право занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении"

Постановление акимата Туркестанской области от 15 октября 2019 года № 234. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 17 октября 2019 года № 5220. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 30 июня 2020 года № 142

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Туркестанской области от 30.06.2020 № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 1 и 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 2 июня 2016 года № 151 "Об утверждении регламента государственной услуги Выдача лицензии на право занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3767, опубликовано 9 июля 2016 года в газете "Южный Казахстан") следующее изменение:

      в приложении "Регламент государственной услуги "Выдача лицензии на право занятия деятельностью по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении" к указанному постановлению:

      в главе 1 "Общие положения":

      в пункте 1 слова "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Южно-Казахстанской области" заменить словами "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Туркестанской области".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Туркестанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Айтмухаметова К.К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области У. Шукеев
      Айтмухаметов К.К.
      Отарбаев М.Н.
      Тургумбеков А.Е.
      Садыр Е.А.
      Аманбаев Ж.Е.
      Абдуллаев А.А.
      Мырзалиев М.И.
      Тасыбаев А.Б.