"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 23 қыркүйегіндегі № 127 хатына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігінің Шілік ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күшіктің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Отырар ауданының Шілік ауылдық округі, Жаңа Шілік ауылы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Шілік ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 23 "Шілік ауылдық округіне қарасты Жаңа Шілік ауылы С.Сейфуллин және Т.Датқа көшелерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5162 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Шілік ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет –ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімдігінің Шілік ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы Б.Орынбасаровқа жүктелсін.
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Ж. Сейтжанов |