Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 23.07.2019 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 03 мамырдағы № 02-05/147 ұсынысы негізінде, Манкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уақ малдың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі Манкент ауылының Бірлік көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Манкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Манкент ауылдық округінің әкімі | Б.Эгамбердиев |