Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі өзгермейді - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 27.01.2021 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Оңтүстікауызсу" филиалы "Сарыағаш топтық су жүйесі" өңдірістік бөлімшесінің пайдалануындағы магистральды және елді мекен ішіндегі ауыз су құбырларын пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 27.01.2021 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 10.11.2022 № 334 қаулысымен (алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Тасқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 250 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Оңтүстікауызсу" филиалы, "Сарыағаш топтық су жүйесі" өндірістік бөлімшесінің пайдалануындағы магистралды және елді мекен ішіндегі ауыз су құбырлары үшін қауымдық сервитут белгіленетін жерлердің көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 15.04.2020 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Жер пайдаланушылар атауы | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | |||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | |||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | ||||
суармалы егістік | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Сарыағаш қаласы | 1,04 | 0,1798 | |||||
2 | Қапланбек ауылдық округі, Сіргелі елді мекені | 1,88 | 0,17 | 0,17 | ||||
3 | Құркелес ауылдық округі, Еңкес, Құлтума, Дархан, Ақниет, Құркелес, Нұрлыжол елді мекендері | 19,36 | 0,1838 | 0,1838 | ||||
4 | Жарты төбе ауылдық округі, Төңкеріс елді мекені | 1,4 | 0,2153 | 0,2153 | ||||
5 | Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен елді мекені | 3,77 | ||||||
Барлығы | 27,45 | 0,7489 | 0,5691 |
кестенің жалғасы
№ | елді мекендердің жері | өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жері | босалқы жер |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
1 | 0,4313 | 0,27 | 0,1589 | |||
2 | 0,6 | 1,11 | ||||
3 | 15,858 | 3,3182 | ||||
4 | 0,04 | 1,1447 | ||||
5 | 3,095 | 0,675 | ||||
20,0243 | 0,27 | 6,4068 |