Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 25.01.2022 № 21 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;
2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 459 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4307 тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда "Сарыағаш" газетінде және 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 284 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен) | 22140 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 284 қаулысына 2-қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Барлығы: | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
331,06 | 398,78 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.