Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "ТNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 15.09.2022 № 447 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Омарбеков |
Төлеби ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына қосымша |
Магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін көлемдері
№ | Жер пайдаланушылар атауы | қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде | ||||||
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | оның ішінде | ||||||||
егістік | оның ішінде | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | босалқы жер | ||||
суармалы егістік | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Аққұм ауылдық округі | 2,584 | 2,584 | 1,244 | - | - | - | 1,32 | 0,02 |
2 | Көксәйек ауылдық округі | 2,18 | 2,18 | 0,632 | - | - | - | 1,548 | - |
3 | Барлығы | 4,764 |