Ескерту. Шешімнің атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Ақбиік ауылдық округ әкімінің 07.11.2019 № 46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 6 сәуірдегі қорытындысы негізінде Ақбиік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақбиік ауылдық округіндегі Құлан, Ақбиік елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Ақбиік ауылдық округiндегi, Құлан елдi мекенiндегi атаусыз көшеге- Еңбек атауы;
2) Ақбиік ауылдық округiндегi, Құлан елдi мекенiндегi атаусыз көшеге- Болашақ атауы;
3) Ақбиік ауылдық округiндегi, Құлан елдi мекенiндегi атаусыз көшеге-Атамекен атауы;
4) Ақбиік ауылдық округiндегi, Ақбиік елдi мекенiндегi атаусыз көшеге - Ақниет атауы.
Ескерту. 1-тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Ақбиік ауылдық округ әкімінің 07.11.2019 № 46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Ақбиік ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Ақбиік ауылдық округ әкімінің 07.11.2019 № 46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Орынбаев |