"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келтемашат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 8 "Келтемашат ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4939 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінің 2-тармағындағы "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округі әкімінің аппараты" деген сөздер "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Келтемашат ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түлкібас ауданы | |
әкімдігінің Келтемашат | |
ауылдық округ әкімі | С. Камбарбеков |