"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 15-91-VI "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5066 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Жетісай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Төреқұл |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Утанов |