Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданының жер қатынастары бөлімі және Жетісай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес Жетісай ауданы бойынша шекаралары өзгертілсін:
1) 118,32 гектар жер учаскесі Қазыбек би ауылдық округі Қазыбек би елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 406,83 гектар;
2) 24,02 гектар жер учаскесі Қазыбек би ауылдық округі Алғабас елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 127,14 гектар;
3) 65,28 гектар жер учаскесі Қарақай ауылдық округі Сәтпаев елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 229,70 гектар;
4) 37,85 гектар жер учаскесі Қарақай ауылдық округі Кетебай елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 115,26 гектар;
5) 11,65 гектар жер учаскесі Қарақай ауылдық округі Қараөзек елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 124,48 гектар;
6) 3,96 гектар жер учаскесі Жылы су ауылдық округі Әль-Фараби елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 133,01 гектар;
7) 28,50 гектар жер учаскесі Жаңа ауыл ауылдық округі Атақоныс елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 189,93 гектар;
8) 26,10 гектар жер учаскесі Жаңа ауыл ауылдық округі Жаңа ауыл елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 221,05 гектар;
9) 23,78 гектар жер учаскесі Жаңа ауыл ауылдық округі Қарой елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 151,86 гектар;
10) 29,59 гектар жер учаскесі Жаңа ауыл ауылдық округі Әбдіхалық елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 155,99 гектар;
11) 27,98 гектар жер учаскесі Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 297,04 гектар;
12) 36,83 гектар жер учаскесі Қызылқұм ауылдық округі Первомайское елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 101,86 гектар;
13) 1,87 гектар жер учаскесі Қызылқұм ауылдық округі Қарасақал елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 50,36 гектар;
14) 72,42 гектар жер учаскесі Атамекен ауылдық округі Атамекен елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 193,39 гектар;
15) 8,48 гектар жер учаскесі Абай ауылдық округі Алтын кемер елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 79,89 гектар;
16) 15,34 гектар жер учаскесі Абай ауылдық округі Атажұрт елді мекені шегін енгізіле отырып, жалпы ауданы 15,34 гектар;
17) 9,37 гектар жер учаскесі Ж.Ералиев ауылдық округі Бәйтерек елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 141,81 гектар;
18) 1,99 гектар жер учаскесі Ж.Ералиев ауылдық округі Абай елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 174,32 гектар;
19) 3,41 гектар жер учаскесі Ж.Ералиев ауылдық округі Дихан елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 14,73 гектар;
20) 1,50 гектар жер учаскесілері Ж.Ералиев ауылдық округі Жазықсай елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 40,01 гектар.
2. "Жетісай аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Бейсенбаев |
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Е.Әлімханов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә.Утанов |