"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 14 сәуір және 27 қыркүйектегі қорытындылары негізінде, Жетісай ауданының Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданының Ш.Ділдабеков ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Алпамыс ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге-Айрықша атауы;
2) Байдала ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Ақсұңқар атауы;
3) Күрішті ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Көктөбе атауы;
4) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Мәдениет атауы;
5) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге-Тәуелсіздік атауы;
6) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге-Қыран атауы;
7) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Ақ алтын атауы;
8) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге-Асар атауы;
9) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге-Жағажай атауы;.
10) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс № 4 көшеге-Шынар атауы;
11) Жаңадала ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге-Саяжай атауы.
2. Жетісай ауданының "Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Жамбуловқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісай ауданының Ш.Ділдабеков | |
ауылдық округі әкімі | Н. Әбдірайым |