РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылынан 5,5 км оңтүстік-батысқа қарайЧеремшанка өзенінің және атауы жоқ № 1, № 2, бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылынан 5,5 км оңтүстік-батысқа қарайЧеремшанка өзенінің және атауы жоқ № 1, № 2, бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы "11" наурыз
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "11" наурыздағы № 71 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Черемшанка ауылынан 5,5 км оңтүстік-батысқа қарай Черемшанка өзенінің және атауы жоқ № 1, № 2, бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі,онын участкісі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
"Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскесі тұстамасын-дағы Черемшанка өзені (оң жақ жағалауы) | 3,6 | 55 | 500 | 1,6 | 2,8 | 35 |
"Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскесі тұстамасын-дағы № 1 атауы жоқ бұлақ (оң жақ жағалауы) | 2 | 3,6 | 35 | |||
"Самырсын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сұрап отырған жер учаскесі | 2,2 | 4 | 35 | |||
тұстамасын-дағы № 2 атауы жоқ бұлақ (сол жақ жағалауы) |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.