Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 "Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 179 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 5987 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 274-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 392 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5721 болып тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 22 қаңтардағы "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулыға қосымша 8 реттік нөмірі жолымен толықтырылсын.

      2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "29" мамырдағы
№ 179 қаулысына қосымша

     


     


О внесении дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 26 декабря 2018 года № 392 "Об определении территорий для старательства"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 мая 2019 года № 179. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 31 мая 2019 года № 5987

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 274 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата "Об определении территорий для старательства" от 26 декабря 2018 года № 392 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5721, опубликованное в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 11 января 2019 года, в газетах "Дидар", "Рудный Алтай" от 22 января 2019 года) следующее дополнение:

      приложение к указанному постановлению дополнить строкой, порядковый номер 8, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению предпринимательства и индустриально-инновационного развития области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления акимата направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории области;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
бластного акимата
от "29" мая 2019 года № 179