Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілетін жер учаскесі шекарасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 275 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 6164 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілетін жер учаскесі шекарасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілетін жер учаскесі шекарасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласы әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы
      ______________ Қ. Баймағамбетов

      2019 жылғы "___"_______________

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "19" тамыздағы
№ 275 қаулысына қосымша

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілетін жер учаскесі шекарасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Өскемен қаласы Гвардиялық дивизия көшесі, 40 ауданындағы (кадастрлық № 05-085-048-75) жер учаскесінен батысқа қарай орналасқан Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен медициналық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілген жер учаскесі шекарасындағы Комендантка ағысының оң жағалауы

0,11299

5,5859

500

0,11349

0,3979

35

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы протоки Комендантка в границах земельного участка, предоставляемого коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Усть-Каменогорский медицинский колледж" управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области, в городе Усть-Каменогорск и режима их хозяйственного использования

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 августа 2019 года № 275. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 сентября 2019 года № 6164

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 39, 116, 125, 145-1 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, подпунктом 8-1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании утвержденной проектной документации и в целях поддержания водных объектов в состоянии, соответствующем санитарно-гигиеническим и экологическим требованиям, для предотвращения загрязнения, засорения и истощения поверхностных вод, а также сохранения растительного и животного мира, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить:

      1) водоохранную зону и водоохранную полосу протоки Комендантка в границах земельного участка, предоставляемого коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Усть-Каменогорский медицинский колледж" управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области, в городе Усть-Каменогорск согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) специальный режим хозяйственного использования на территории водоохранной зоны и режим ограниченной хозяйственной деятельности на территории водоохранной полосы протоки Комендантка в границах земельного участка, предоставляемого коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Усть-Каменогорский медицинский колледж" управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области, в городе Усть-Каменогорск согласно действующему законодательству Республики Казахстан.

      2. Управлению природных ресурсов и регулирования природопользования Восточно-Казахстанской области передать утвержденную проектную документацию акиму города Усть-Каменогорск для принятия мер в соответствии с установленной законодательством Республики Казахстан компетенцией и специально уполномоченным государственным органам для учета в государственном земельном кадастре и для осуществления государственного контроля за использованием и охраной водного фонда и земельных ресурсов.

      3. Управлению природных ресурсов и регулирования природопользования области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории области;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Восточно-Казахстанской области после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области по вопросам агропромышленного комплекса.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Восточно-Казахстанской области Д. Ахметов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель
      Ертисской бассейновой инспекции
      по регулированию использования и
      охране водных ресурсов
      Комитета по водным ресурсам
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      _____________________ К. Баймагамбетов

      "_____" _____________ 2019 года

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "19" августа 2019 года № 275

Водоохранная зона и водоохранная полоса протоки Комендантка в границах земельного участка, предоставляемого коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Усть-Каменогорский медицинский колледж" управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области, в городе Усть-Каменогорск

Водный объект, его участок

Водоохранная зона

Водоохранная полоса

Протяженность, км

Площадь, га

Ширина, м

Протяженность, км

Площадь, га

Ширина, м

1

2

3

4

5

6

7

Правый берег протоки Комендантка в границах земельного участка, предоставляемого коммунальному государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Усть-Каменогорский медицинский колледж" управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области, расположенного западнее земельного участка (с кадастровым № 05-085-048-750) в районе улицы Гвардейской дивизии, 40 в городе Усть-Каменогорск

0,11299

5,5859

500

0,11349

0,3979

35

      Примечание:

      Границы и ширина водоохранной зоны и водоохранной полосы отражены в картографическом материале утвержденной проектной документации.