ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 97 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2019 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5840 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 18 cәуірде "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "20" желтоқсандағы № 453 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 97 қаулысына қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2019 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия-лар норма-тивтері,теңге | Жергілікті бюджет | Үкіметтің резервтегі бюджеті | ||
Субсидияла-натын көлем | Субсидия-лар көлемі, мың теңге | Субсидияла-натын көлем | Субсидия-лар көлемі, мың теңге | ||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1) | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 45 927 | 459 270,0 | 127 415 | 1 274 150,0 |
2) | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 000 | 19 695 | 393 900,0 | 22 179 | 443 580,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 2 000 | 200 000,0 | 62 | 6 200,0 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 2 765 | 414 750,0 | 6 837 | 1 025 550,0 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 225 000 | 2 807 | 631 683,7 | 3 205 | 721 053,6 | |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағының килограмы | 200 | 173 325 | 34 665,0 | 777 205 | 155 441,0 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының килограмы | 200 | 18 469 | 3 693,8 | 379 400 | 75 880,0 |
Барлығы: | 2 137 962,5 | 3 701 854,6 | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | ||||||
1) | бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 319 | 3 186,3 | ||
2) | қос жынысты | 5 000 | 247,2 | 1 236,0 | 2 875 | 14 374,3 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||||
1) | отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік | сатып алынған бас | 150 000 | 154 | 23 100,0 | 61 | 9 150,0 |
2) | Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген | 225 000 | 99 | 22 275,0 | |||
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||||
1) | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар | өткізілген немесе өңделген килограмм | 35 | 5 470 662,5 | 191 473,2 | 19 410 019 | 679 350,7 |
2) | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар | 20 | 4 609 477 | 92 189,5 | 14 808 833 | 296 176,6 | |
3) | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар | 10 | 1 118 544 | 11 185,4 | 7 582 143 | 75 821,4 | |
4) | ауыл шаруашылығы кооперативі | 10 | 1 586 425 | 15 864,3 | 2 507 013 | 25 070,1 | |
Барлығы: | 357 323,4 | 1 103 129,4 | |||||
Етті құс шаруашылығы | |||||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 600 | 46 215 | 27 729,0 | 104 949 | 62 969,4 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||||
1) | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген немесе өңделген килограмм | 80 | 5 584 495 | 446 759,6 | 15 253 427 | 1 220 274,2 |
2) | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 60 | 3 105 246 | 186 314,8 | 7 022 907 | 421 374,4 | |
Барлығы: | 660 803,4 | 1 704 618,0 | |||||
Шошқа шаруашылығы | |||||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 140 000 | 6 | 840,0 | ||
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 40 000 | 2 569 | 102 760,0 | ||
Барлығы: | 103 600,0 | ||||||
Қой шаруашылығы | |||||||
1. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | ұрықтандырылған бас/ шағылысу маусымы | 1 000 | 49 765 | 49 765,0 | ||
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1) | қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылысу маусымы | 2 500 | 104 364 | 260 910,0 | ||
2) | қойлардың тауарлық аналық басы | 1 500 | 161 677 | 242 515,5 | |||
3. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 8 000 | 68 | 544,0 | 7 753 | 62 024,0 |
Барлығы: | 544,0 | 615 214,5 | |||||
Жылқы шаруашылығы | |||||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 49 | 4 900,0 | 43 | 4 300,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 69 890 | 4 193,4 | 2 683 557,9 | 161 013,5 |
Барлығы: | 9 093,4 | 165 313,5 | |||||
Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) | |||||||
1. | Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас/шағылысу маусымы | 10 000 | 908 | 9 080,0 | ||
Барлығы: | 9 080,0 | ||||||
Балара шаруашылығы | |||||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 19 438 | 97 190,0 | ||
Барлығы: | 97 190,0 | ||||||
Етті мал шаруашылығы* | |||||||
1. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 4 967 | 745 086,0 | ||
Барлығы: | 745 086,0 | ||||||
Етті мал шаруашылығы* | |||||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1) | тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 8 454 | 84 536,8 | ||
2) | асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 1 640 | 32 800,0 | ||
2. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 150 000 | 467 | 70 050,0 | ||
3. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу | бас | 225 000 | 779 | 175 351,8 | ||
4. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағының бір килограмы | 200 | 925 939 | 185 187,8 | ||
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 200 | 43 312 | 8 662,4 | ||
Барлығы: | 556 588,8 | ||||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы* | |||||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу: | ||||||
1) | бір жынысты | доза | 10 000 | 254 | 2 543,2 | ||
2) | қос жынысты | доза | 5 000 | 3 025 | 15 123,5 | ||
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||||
1) | отандық немесе ТМД елдерінен импортталған | бас | 150 000 | 358 | 53 700,0 | ||
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||||
1) | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар | есептік салмақтың бір килограмы | 35 | 8 914 423 | 312 004,8 | ||
2) | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар | есептік салмақтың бір килограмы | 20 | 7 981 653 | 159 633,1 | ||
3) | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар | есептік салмақтың бір килограмы | 10 | 1 653 664 | 16 536,6 | ||
4) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | есептік салмақтың бір килограмы | 10 | 2 484 594 | 24 845,9 | ||
Барлығы: | 584 387,1 | ||||||
Етті құс шаруашылығы* | |||||||
1. | Отандық және шетелдік шаруашылықтардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 600 | 125 314 | 75 188,4 | ||
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||||
1) | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | килограмм | 80 | 27 104 723,6 | 2 168 377,9 | ||
2) | 5 000 тоннадан басталатын өндіріс | килограмм | 60 | 8 764 010 | 525 840,6 | ||
Барлығы: | 2 769 406,9 | ||||||
Шошқа шаруашылығы* | |||||||
1. | Шошқалардың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас | 40 000 | 1 973 | 78 920,0 | ||
Барлығы: | 78 920,0 | ||||||
Қой шаруашылығы* | |||||||
1. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1 000 | 7 776 | 7 776,0 | ||
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||||
1) | асыл тұқымды аналық бас | бас | 2 500 | 106 860 | 267 150,0 | ||
2) | тауарлық аналық бас | бас | 1 500 | 169 720 | 254 580,0 | ||
3. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 8 000 | 3 228 | 25 824,0 | ||
Барлығы: | 555 330,0 | ||||||
Жылқы шаруашылығы* | |||||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100 000 | 35 | 3 500,0 | ||
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 1 068 009 | 64 080,5 | ||
Барлығы: | 67 580,5 | ||||||
Жиыны сома: | 8 523 026,0 | 7 500 000,0 |
Ескертпе:
* "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18404 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер 2019 жылғы бюджет қаражатынан басым тәртіппен төленуге жатады.