Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округі әкімінің 13.12.2019 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2019 жылғы 21 маусымдағы № 125 ұсынысы негізінде, Ақшәулі ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданының Ақшәулі ауылдық округінің Қарабұлақ елді мекенінде мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы "Ақшәулі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Аягөз ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақшәулі ауылдық округінің әкімі | С. Мустафин |