ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, 2018 жылғы 29 қарашадағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Жерновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округі Жерновка ауылының көшелерінің атауы:
1) "Ленин" көшесі "Центральная" көшесі болып;
2) "Октябрьская" көшесі "Лесная" көшесі болып қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жерновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
округ әкімі | Е. Деревянко |