ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, 2018 жылғы 29 қарашадағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескере отырып, Новошульба ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі Новошульба ауылының көшелері қайта аталсын:
1) "Ленин" көшесін "Қазақстан" көшесіне;
2) "Советская" көшесін "Кеңес Одағының батыры М. К. Меркулов" көшесіне;
3) "Союзная" көшесі "Согласия" көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бектілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
округ әкімінің м.а. | К. Балыкбаев |