Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 44/5-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімге қосымшаның 2 - тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Митингілер мен жиналыстар өткізу орындары:
Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, № 22 үй ауданы мекенжайында орналасқан Даңқ обелискі;
Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі № 4 мекенжайында орналасқан саябақ.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | Е. Леонтьева |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |